• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-ның Әділет министрлігі жылжымайтын мүлікті электрондық тіркеуді енгізуді ұсынып отыр

ҚР-ның Әділет министрлігі жылжымайтын мүлікті электрондық тіркеуді енгізуді ұсынып отыр

12 Наурыз, 2014 11:15
ҚР Парламенті Мәжілісі бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдады.

«Азаматтық кодекстің 922 бабына 267 бапты түсіндіретін мемлекеттік органдармен немесе уәкілетті қызметкерлердің шығарған заңсыз актілері  үшін мемлекетті жеке мүлік иесінің құқығын бұзуғаны  үшін жауапқа тарту мақсатында сілтемелік норманы енгізу қарастырылған», - деп заңжобасын таныстыру барысында ҚР Әділет министрі Берік Имашев ағынан жарылды.

Заң жобасында жеке мүлік туралы ақпарат мүлік иесінің рұқсатымен берілуі және мүлік иесінің келісімісіз-ақ мүлік туралы ақпартты ала-алатын адамдардың тізімін жасау қарастырылған.

«Сонымен қатар, наториалды бекітілген келісім-шарт жасалған тұста мемлекеттік міндетті электронды тіркеу ұйымдастырылуда», - деп ведомство басшысы толықтырды.

Осыған байланысты, Әділет министрлігі қағаз бойынша тіркеудің баламалы түрін алып тастау мақсатында өзгерістерді ойластырды.

Сонымен қатар, кепіл алушының құқығын күшейту де ұсынылуда. Сонымен, Заңжобасында АК 317, 720, 722 баптарында көрсетілген жағдайларға негізделе отырып «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» заңжобасының 20 бабы  нақтылана түскен. 

Барлық жаңалықтар