- Басты
- Жаңалықтар
- G-Global коммуникативтік платформасында сарапшылар дағдарысқа қарсы жоспарды талқылайды
G-Global коммуникативтік платформасында сарапшылар дағдарысқа қарсы жоспарды талқылайды
«Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» Қауымдастығында хабарлағандай, дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Жоспар (ДҚДЖ) жобасының онлайн талқылауына келесі спикерлер қатысады:Бреттон-Вудсты жаңарту комитетінің атқарушы директоры Марк Узан. ТМД елдеріндегі BBC WorldNews өкілі Сергей Становкин.Экономикалық зерттеулер институты Жамиля Бапиева.Халықаралық Ағайынды Нобельдер төрағасы, Нобель тұрақты даму қоры қамқоршылық кеңесінің вице-төрағасы, Халықаралық Ағайынды Нобельдер Академиясының президенті, Нобельдер үйінің негізін салушы және басқарушы серіктесі Филип Нобель.Аргентина орталық банкінің президенті (1982), Экономика министрі (1991-1996,2001) Доминго Кавалло.Халықаралық салық және инвестиция орталығының президенті Даниель А. Уитт.Философия ғылымдарының докторы, АрселлорМиттал өкілі, Гвинея, Қазақстан-Африка инвестициялық кеңесінің президенті Ламин М. Диенг.
Әлемдік қаржы дағдарысы басталғалы алты жыл уақыт өтсе де, бұл тақырып өзектілігін жойған жоқ, күрделі экономикалық мәселелер шешілмей қалып жатыр. Ал, дағдарыс салдары барлық мемлекеттердің дамуына кесірін тигізуде.Осы сұрақтарды шешу үшін сарапшылар, Нобель сыйлығының лауреаттары тартылып, олардың ұсыныстары ДҚДЖ жобасына енгізіліп, халықаралық ұйымдар мен БҰҰ-на мүше мемлекеттер қарауына жіберілетін болады. Қорытынды құжат 2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында, VII Астана экономикалық форумы аясында өткізілетін II Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияда қабылданатын болады.
Айта кетейік, 2014 жылдың 17 ақпан күні G-Global коммуникативті платформасында әлемдік сарапшылар қоғамдастығы мен БҰҰ хатшылығы мен оған мүше мемлекеттер ұсыныстарын есепке ала отырып, «Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық Клубы» Қауымдастығы құрастырған Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік жоспар жобасы жарияланған. Оның бастамасы 2013 жылы өткізілген VI Астана экономикалық форумы мен I Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияда айтылған еді. Сегіз айдың ішінде бірегей диалогтық G-Global интернет алаңында белсенді түрде күллі әлемге маңызды құжат мәселелері талқыға салынды. Осы уақыт аралығында жетекші халықаралық ұйымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары және әлемнің 190 елінің өкілдері 12000-нан астам баяндамалар мен зерттеу жұмыстарын, сонымен қатар, 39000 сараптамалық шолу жариялады. Біз ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін әлемдік сарапшылар қоғамдастығының, ғылыми-зерттеу орталықтарының, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, әскери орталардың өкілдерін, сондай-ақ, барлық қызығушылық танытқандарды Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік жоспар жобасын қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Сілтемесін мына жерден таба аласыз:
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
COVID-19: Коронавирусқа қарсы иммунитет өмір бойына сақталуы мүмкін бе -
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі