- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Байбек Еуропа халықтық партиясының ХХІІ Конгресіне қатысты
Б. Байбек Еуропа халықтық партиясының ХХІІ Конгресіне қатысты
Конгресс жұмысында 39 елден 2000 мыңнан астам адам қатысты. Дублинге күллі Еуропа бойынша ЕХП мүше партиялар атынан делегаттармен қатар, Еуропа Одағы институттарының басшылары, мемлекет және үкімет басшылары, министрлер, ұлттық және еуропа парламентарийлері келді.
Аталмыш съезд Еуропа Одағының одан әрі институттандырудың жаңа кезеңін белгілеп берді. Съезде алғаш рет Еуропа комиссиясы Президентінің орынтағына партия атынан жалғыз кандидат сайланды.
«Нұр Отан» партиясының хабарлауынша, конгресс жұмысы шеңберінде Б. Байбек ЕХП Вице-президенттері Марио Дэвидпен және сонымен қоса Германия Бундестагының вице-президенті болып табылатын Питер Хинтцемен кездесті. Сондай-ақ, еуропалық зерттеулер бойынша Орталық кеңестің Төрағасы Вернар Фасслабендпен, Германияның Христиан-демократиялық одағының (ХДО) билеуші партиясы басшылығымен, ЕХП партия көшбасшыларымен келіссөздер жүргізді.
Кездесулер барысында центристік идеологиядағы еуропалық партиялармен ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды.
«Қазақстан Президенті, партия Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы шеңберінде қойған жаңа стратегиялық міндеттері «Нұр Отанның» Стратегияны жүзеге асыруда саяси көшбасшылық жүктелген партия ретіндегі ролін арттырып отыр. Бүгінгі күні «Нұр Отан» сайлаушылардың мүдделеріне, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға көбірек назар аудару арқылы қоғамды тұрақтандыру мен біріктірудің негізгі құралдарының біріне айналды. Біздің партияларымызды центристік идеология мен «Нұр Отан» партиясының Доктринасында, сондай-ақ, Еуропа халықтық партиясының тұғырнамасында белгіленген ортақ консервативтік құндылықтар біріктіреді», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Екіжақты кездесулер барысында Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасының интеграциялық процесстерге қатысудағы өмірлік маңыздылығын атап өтті:«Мемлекет басшысы белгілеген ішкі саяси күн тәртібі әріптестерімізбен екі жақты мүдделер тұрғысынан тең дәрежелі әріптестікке Қазақстанның ашық екендігін тұспалдайды. Біз үшін интеграциялық бірлестіктерге қатысу экономикалық құрылысы ұқсас үлкен нарыққа жол ашып, елімізге, оның ішінде инновациялық өндірісті дамытуға ірі инвестициялар тартуға мүмкіндік береді».
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді