• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК делегациясы БҰҰ Статистикалық Комиссиясының жыл сайынғы сессиясына қатысты

ЕЭК делегациясы БҰҰ Статистикалық Комиссиясының жыл сайынғы сессиясына қатысты

12 Наурыз, 2014 10:30
Еуразиялық экономикалық комиссия делегаты статистика департаментінің директоры Юрий Шокамановтың төрағалығымен БҰҰ Статистикалық Комиссиясының жыл сайынғы 45-ші сессиясына қатысты, ол Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өтті.

Сессия барысында ресми статистика жетекшілігін дайындау бойынша, ауқымды статистикалық өлшеу, құжат дайындау және халықаралық сауда мен экономикалық жаһандану, ақпараттық-коммуникациялық көрсеткіштерді құрылымдау, СНС-2008 енгізу, халықаралық ұқсастықты кезекті раундын өткізу, ағымдағы және өзге стратегиялық дамуды жүзеге асыру қарастырылды.

Сессия алаңында БҰҰ Статистикалық Комиссиясының 20 жылдық қолдауына орай салтанатты жиын болып өтті. Ол Бас Ассамблеяның қолдауымен 29 қаңтар күні қабылданған болатын. Ол белгілі мідеттерді ұстанады, деп ЕЭК ресми сайты хабарлады.

Юрий Шокаманов БҰҰ Статистикалық бөлімінің жетекшісі жетекшілігімен, ТМД Еуростат Статкомитеті, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Арменя елдерінің статистикалық қызмет өкілдерімен кездесті.  Тараптар екі жақты ынтымақтастық қарым-қатынасын дамыту туралы келісті.

«БҰҰ Статистикалық Комиссия сессиясы жұмысына қатысу ұлттық статистикалық қызмет, халықаралық ұйымдар мен статистика саласында қызмсет ететіндермен кездесуге мүмкіндік береді. Статистиканың заманауи ағымында болу өте маңызды, халықаралық шараларға қатысу бұл саланы дамыта түспек», - деді Ю. Шокаманов. 

Барлық жаңалықтар