- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет болашаққа ұмтылған кезде ғана дамиды - қаржы полициясы полковнигі Е.Балғабаев
Мемлекет болашаққа ұмтылған кезде ғана дамиды - қаржы полициясы полковнигі Е.Балғабаев
«Мемлекет болашаққа ұмтылған тұста ғана дамиды. Ал, бұл болашақты жыл сайынғы халыққа Жолдауында Мемлекет басшысы - Ұлт көшбасшысы айқындап береді», - деді Ерболат Балғабаев.
ЭСЖҚКД бастығының мәліметі бойынша, «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауында көрсетілген тапсырмалармен және Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасының тапсырмасымен астаналық қаржы полициясының жұмыс бағыты бекітілді.
«Жекешелеп айтқанда мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген бюджет қаржысын мақсатты жұмсау және оларды мемлекетке қайта қайтару бойынша бақылау күшейтілді. Сонымен қатар, жобаларды жедел жүргізу және ЭКСПО-2017 дайындық мәселелерімен, шағын және орта бизнестің қызметіне мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ретсіз араласуына жол бермеу үшін қадағалау процедуралары күшейтілді», - деді Е. Балғабаев.
Оның айтуынша, Қаржы полициясы департаменті белсенді түрде экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа түрткі болатын себептер мен жолдарды болдырмау үшін жұмыстар жүргізілуде. Тек, жыл басынан бері департамент келтірілген залал және біткен қылмыстық істер бойынша 4 млрд. теңгеден астам қаржыны мемлекетке қайтарды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты