• Басты
  • Қазақстан Бразиялияны ЭКСПО-2017 көрмесінің павильондарын ұйымдастыруға шақырды
12 Наурыз, 2014 09:45

Қазақстан Бразиялияны ЭКСПО-2017 көрмесінің павильондарын ұйымдастыруға шақырды

Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Б.Ордабаевтың Сан-Пауло қаласының Мэрі Ф.Хаддадпен кездесуі болып өтті.
Қазақстан  Бразиялияны ЭКСПО-2017 көрмесінің  павильондарын ұйымдастыруға шақырды

Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, кездесу барысында экономика, мәдениет және спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сұхбат барысында қазақстандық дипломат Сан-Пауло Мэрін 2017-2018 жж. БҰҰ ҚК-нің Тұрақты емес мүшесі ретінде, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу және 2022 жылы Алматы қаласында қысқы Олимпиадалық ойындарын өткізуге өз кандидатурасын жылжыту сияқты Қазақстанның халықаралық бастамалары туралы хабардар етті.

Ф.Хаддад Бразилиядағы ҚР Елшілігіне ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде Астана қаласында бразилиялық көрме павилиондарын ұйымдастыруға шақырғаны үшін зор алғысын білдірді.

Сұхбаттасушылар 2013 жылғы қазанда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Бразилияға ресми сапары шеңберінде Сан-Пауло қаласында ҚР және ФРБ іскер топтарының қатысуымен өткізілген бизнес-семинардың табысты өткенін атай отырып, ҚР Елшісі Сан-Пауло Мэріне 2014 жылғы 21-23 мамырда өткізілуі жоспарланып отырған кезекті VII Астаналық экономикалық форумға қатысуға шақыру хатын тапсырды.

Екі елдің ірі қаржы және мәдени орталықтары болып саналатын Алматы және Сан-Пауло қалалары арасында достық қарым-қатынас орнату мәселесін пысықтап, сондай-ақ болашақта бірқатар біріккен мәдени іс-шаралар өткізу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

Барлық жаңалықтар