- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы ҚР-да 16 жылыжай кешені ашылады
2014 жылы ҚР-да 16 жылыжай кешені ашылады
Бүгінгі күні «ҚазАгро» Ұлттық холдингі еншілес компанияларымен 14,2 млрд.теңге сомасына 21 жоба пайдалануға берілді. 2014 жылы 61,3 гектар жерде 27 мың көкөніс өнімдері мен көшеттер өндіруге мүмкіндігі бар, 19,3 млрд.теңгені құрайтын 16 жоба пайдалануға беру жоспарлануда, деп «ҚазАгро» Холдингі» АҚ хабарлады.
Қазақстанда 11 га жер ауданын құрайтын ең ірі жылыжай кешені өз жұмысын ағымдағы жылы наурыз айының ортасында бастағалы тұр. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғары технологиялық «Аделя» ШҚ ЖК кешеніне «ҚазАгро» Ұлттық холдингі құрамындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2,1 млрд.теңге инвестициялады. Көкөніс өсірумен 140-қа жуық мамандар айналысады. Өндірістің пайдалануға берілуімен осынша адам арнайы оқудан өтіп, жұмыспен қамтамасыз етілуі жоспарлануда.
Республикамызда «ҚазАгро» Ұлттық холдингі компаниялар тобымен 2008 жылдан бері жылыжай кешендері желісін құру және дамыту бойынша жобалар қаржыландырылуда. АӨК-де аталған бағытты қолдау қаржыландырудың түрлі көздерінен жүзеге асырылады, соның негізгісі Ұлттық қордан бөлінген қаржы арқылы. Жабық жерде көкөніс өсіру бойынша алғашқы өндірістік кешен құрылысы басталғанынан бері холдинг компанияларымен 33,5 млрд.теңге жалпы сомасын құрайтын 37 түрлі жылыжайлардың қаржыландырылуы мақұлданды. Олардың жиынтық жер көлемі 125,6 га құрайды, ал өндіріс қуаттылығы – жылына 50,1 мың тоннаға дейін өнімдерді өндіру. Қаржыландыру бағдарламаларының басты әкімшісі өндірістік негізде тәріздес кешендер құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыратын «ҚазАгроҚаржы» АҚ болып табылады. Холдинг құрамындағы басқы компания, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры микронесиелендіру бағдарламалары шеңберінде орта және шағын шаруашылықтарда аз шығынды және отбасылық типтес жылыжайларға қатысты қолдауды жүзеге асырады
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам АӘК алды -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді