Өскеменде 2014 жылы туу көрсеткіші 4%-ға дейін өсті

11 Наурыз, 2014 18:23
2014 жылдың басынан бері өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда жаңадан туылған балалардың саны 3,8%-ға артты.

ШҚО Ақпараттық орталығынан хабарлағандай,  2013 жылдың қаңтар айынан бастап 11 наурызға дейін 1030 сәби жарық дүние есегін ашты. Ал, ағымдағы жылдың алғашқы 2,5 айында қалада 1070 сәби дүниеге келді.

Өскемен қаласының әділет басқармасы атап өткендей, облыс орталығында жаңадан өмірге келген сәбилермен қайтыс болғандар арасында көп жылдық алшақтық тенденциясы сақталып келеді.

«Кез келген елдің демографиялық жағдайы бірінші кезекте саясаттан экономикаға дейін сараланады. Қазақстан халқының  өсуіне меніңше, елдің дұрыс саяси курсы әсер етеді», - деді Өскемен қаласының Әділет басқармасы жетекшісінің орынбасары Забиға Әділғазинова.

Айта кетейік, әйел мен отбасы рөлі олардың әлеуметтік одан әрі дамуы Елбасының Қазақстан халқына Жодауында да айтылып өтті. 

Барлық жаңалықтар