• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Радостовец: Бизнесті тексеруге мораторий жариялау - ҚР инвестициялық имиджін жақсартуда үлкен қадам

Н. Радостовец: Бизнесті тексеруге мораторий жариялау - ҚР инвестициялық имиджін жақсартуда үлкен қадам

11 Наурыз, 2014 17:32
Біз, Елбасының «ҚР-да кәсіпкерлік қызметті дамыту бойынша қолайлы жағдай жасауда маңызды шараларды қабылдау туралы» Жарлығы ШОБ-пен қатар ірі кәсіпкерлік саласындағы сансыз тексерулер бойынша жағдайды жақсартады деп сенеміз, дедіТау-кен өндіруші және тау-кен метталлургиялық кәсіпорындардың руспубликалық қауымдастығының атқарушы директоры, ҚР ҰКП Президиумының мүшесі Николай Радостовец.

«Барлығымызға белгілі болғандай, Елбасының ақпан айындағы Жарлығына сәйкес шағын және орта бизнесті 2014 жылдың 2 сәуір айынан бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін тексеруге тиым салынған. Мемлекет басшысының Жарлығын жүзеге асыру үшін Қазақстанда бірқатар маңызды нормативті-құқықтық актілер жасалуы тиіс. Олар көбіне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін қысқартуға арналған және тәуекелдірді бағалауға негіздеме жасай отырып тексерулерді ұйымдастыруға ауысумен қатар жаңа бизнес-омбудсмен институтын енгізу болып табылады. Бұл қадамдардың барлығы кәсіпкерлік қызметтің белсенділігін арттырып, Қазақстанның ІЖӨ-нің құрылымындағы ШОБ-тің үлесін арттырады», - деп Н. Радостовец атап өтті.

Сонымен қатар, ол, «Елбасының Жарлығы ШОБ-пен қатар ірі кәсіпкерлік саласындағы сансыз тексерулер бойынша жағдайды жақсартады», деп атап өтті.

«Біз қолданыстағы мемлекеттік бақылау жүйесі реформалауды қажет ететінін дәлелдейтін көптеген мысалдарды білеміз. Сонымен, бүгінгі «ҚР бақылау және қадағалау туралы» Заңы кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға жүрмейді, демек кедендік бақылау органдарына тексеру жүргізуге кеңістік жасалған. Сонымен қатар, бұл тексерулердің уақыты мен талаптары да бекітілмеген», - деді Н. Радостовец.

Нәтижесінде, кәсіпорындар «Қазақстан Руспубликасындағы кедендік іс туралы» ҚР кодексіне негізделген және Кедендік одақтың Кедендік кодексіне сай сансыз тексерулерден өтеді, оның үстіне бұл тексерулер көбіне бірін-бірі қайталау болып табылады.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар