Сенат комитетінде бірқатар мәселелер қаралды

11 Наурыз, 2014 16:30
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органы комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Конституциялық кеңесі мүшесі қызметіне тағайындау мәселесі қаралып, оң мақұлданды.

Сенаттың хабарлауынша, отырыста депутаттар «ҚР ішкі істер органдары туралы» заң жобасын қарады. Ондағы мақсат ІІО қызметкерлерін құқықтық кепілденліру, ішкі істер органдарының құқы мен міндетін және жүйесін анықтау болып табылады.

Сонымен қатар, «Ішкі істер органы қызметі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасының мақсаты қолданыстағы заңнаманы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органы туралы» заңына ыңғайлау болып табылады.

Заңнама үш кодекс пен он заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. Мақұлданған заң жобалары палата қарауына жіберілді. 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар