• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Қазбекова: Бизнесті қолдау – дамыған 30 елдің қатарына ену жолындағы кезекті қадам

М.Қазбекова: Бизнесті қолдау – дамыған 30 елдің қатарына ену жолындағы кезекті қадам

11 Наурыз, 2014 16:16
Кәсіпкерліктер жұмысы шартын тұрақты түрде жақсарту әрқашан мемлекеттің назарында болады. Бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған отыз елінің қатарына ену жолындағы кезекті қадамы, дейді Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы, «Қазақстанның әйел кәсіпкерлер кеңесі» қоғамдық бірлесітігінің төрайымы Меруерт Қазбекова.

«Кәсіпкерліктің дамуы, соның ішінде шағын және орта бизнестің өріс алуы «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты міндеттемесі. Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікте шамамен 1 млн кәсіпкер жұмыс істейді, олар осылайша 3 млн жұмыс орнын ашып отыр. Кәсіпкерлік әлеуметтік және экономикалық реформа саласындағы мемлекеттің маңызды шешімі болып табылады. Мораторий жариялау шешімі Президенттің бизнеске қолдау көрсетіп, оның дамуына жаңа қарқын беруінің бір көрінісі», - дейді М.Қазбекова.

Оның айтуынша, кәсіпкерліктер жұмысы шартын тұрақты түрде жақсарту әрқашан мемлекеттің назарында болады.

«Бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған отыз елінің қатарына ену жолындағы кезекті қадамы. Аталмыш шара мен кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан қаражат бөлу біздің елдің экономикасының өсіміне жол ашып, жұмыс орны санын арттырып, барлық қазақстандықтардың әлеуметтік деңгейін арттырмақ», - дейді депутат.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің өз міндеттерін орындау тұрғысынан жаңадан қолға алынып жатқан өзгерістер ешбір жауапкершілікті жеңілдетпек емес. Атап айтар болсақ салық төлеу, тұтынушылар құыһқын сақтау, сонымен қатар барлық заң талаптарын орындау өз деңгейінде жүргізілмек.

«Сол себепті осы уақыт аралығын барынша тиімді пайдаланып, Үкіметпен қатар кәсіпкерліктер де жұмыстарын үдету керек», - дейді депутат. 

Барлық жаңалықтар