- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев пен Б. Обама Қазақстан-Америка қарым-қатынасының перспективаларын талқылады
Н. Назарбаев пен Б. Обама Қазақстан-Америка қарым-қатынасының перспективаларын талқылады
Ақордада хабарлағандай, әңгімелесу кезінде Қазақстан-Америка қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ алдағы 24-25 наурызда Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке дайындық барысы талқыланды.
Екі мемлекеттің көшбасшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты. Украинадағы ішкі саяси жағдайдың дамуына айрықша назар аударылды.
Қазақстан мен АҚШ Президенттері Украинадағы дағдарысты осы елдің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін және барлық мүдделі тараптарды жақындастыруға септігін тигізетін дипломатиялық әдістерді пайдалана отырып бейбіт жолмен реттеу қажеттігін қуаттады.
Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселе үдеріске қатысушылардың барлығының келіссөзі арқылы ғана шешілуге тиіс екенін атап өтті.
Өз кезегінде Барак Обама Украинадағы жағдайды реттеу үшін БҰҰ немесе ЕҚЫҰ тәрізді халықаралық ұйымдардың атсалысуымен пәрменді тетіктер қалыптастыру қажеттігіне тоқталды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады