- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да 2014 жылы бірқатар мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға қаржыландыруды арттыру қарастырылған -ЭБЖМ
ҚР-да 2014 жылы бірқатар мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға қаржыландыруды арттыру қарастырылған -ЭБЖМ
«2014 жылдың макроэкономикалық көрсеткіштердің түзетілген болжамы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақытылы орындау мақсатында ағымдағы жылдың республикалық бюджеттің параметрлері түзетілді. Мектептке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын «Балапан» бағдарламасы аясында орындау үшін 6,7 млрд. теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді», - деді Е. Досаев.
Нәтижесінде, ЭБЖМ-нің мәліметі бойынша, жыл бойына республикалық бюджетке түсім 6 206,1 млрд. теңге көлемінде болады деп белгіленген немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 431,7 млрд. теңгеге өсім байқалады.
Бұдан басқа, түзетілген бюджет жобасында осы жылы қаржыландыруды қажет ететін Елбасының берген тапсырмаларын жүзеге асыруға қомақты қаражатта қарастырылды.
«Сонымен, «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға шығын көлемі 17,7 млрд. теңгеге ұлғайтылды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру мақсатында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-на 20 млрд. теңге қапиталға айналдыру үшін берілді. Сонымен қатар, халықаралық міндеттерді орындау үшін 21,8 млрд. теңге қарастырылды», - деп министр толықтырды.
Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымын дамыту, «Алматы-Қапшагай» мен «Астана-Теміртау» учаскісіндегі жобалау-іздестіру жұмыстары үшін қосымша 15 млрд. теңге бөлінетін болды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр