• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Вертекс-Восток» ЖШС директоры Е. Касаткин: Бизнестің тексеруіне мораторий енгізу – ҚР-ның барлық тауар өндірушілеріне қолдау көрсету

«Вертекс-Восток» ЖШС директоры Е. Касаткин: Бизнестің тексеруіне мораторий енгізу – ҚР-ның барлық тауар өндірушілеріне қолдау көрсету

11 Наурыз, 2014 15:20
Кәсіпорын жетекшісі Евгений Касаткин бизнеске тексеру енгізу Қазақстандағы таран жармасын өндіретін зауыттың жұмысын жақсартады деп ойлайды.

Кәсіпкердің пікірінше, мораторий кәсіпкерлерге тыныш жұмыс істеуге мүмкіндік берді, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

«Тексерулер көп уақытты қажет етеді. Бізді 6 негізгі орган тексереді, экология, салық және санэпидемқадағалау бойынша тағы бар. Бұл жұмыстан алаңдатады. Әрине, мұндай шаралар кезінде біздің жұмысымыз жеңілдейді, көп уақытты өндіріске рұқсат беру мен дамытуға арнаймыз», - дейді Е.Касаткин.

Оның айтуынша, компания жоспарында жедел дайындау ботқасын өндіру бойынша зауыт салу.

«Қабылданған мораторий еліміздің барлық өндірушілері үшін теңдессіз көмек. Бұл өз кезегінде мемлекетке пайда әкеліп, өндірістің әлеуетін арттырып, еліміздің импорт тәуелділігінен айырады. Сонымен қатар жергілікті өндірушілер еліміздің осы саясатын қос қолдап қолдайды», - дейді кәсіпкер.

Айта кету керек, кәсіпкерлік он алты жыл бойы қарақұмық өндірісімен айналысып келеді. Зауыттың қуаты бастапқыда тәулігіне бес тонна өнімді құраса, қазіргі таңда ол көрсеткіш 900-ге артып, еліміздің нарығының 55-60%-ын жаулаған. 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар