• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тасқын төну қауіпіне дайындық ретінде 90 км-ге жуық қорғаныс дамбалары салынды – В. Божко

Тасқын төну қауіпіне дайындық ретінде 90 км-ге жуық қорғаныс дамбалары салынды – В. Божко

11 Наурыз, 2014 14:45
Жыл басынан берi елiмiзде 87 км жаңа қорғаныс дамбалары салынды. Бұл жөнiнде бүгiн ҚР Премьер-министр Серiк Ахметовтың қатысуымен өткен үкiмет отырысында Төтенше жағдайлар министрi Владимир Божко мәлiмдедi.

«Жыл басынан берi 365 гидротехникалық құрылысты комиссия тексердi. Су тасқыны маусымына дайындық үшiн республикада 87 км жаңа қорғаныс дамбалары салынды, 119 дамба бекiтiлдi және жөндеу жүргізiлдi», - дедi В.Божко. 

Оның айтуынша, жалпы елiмiзде су тасқыны маусымына 37 мың тонна жанармай қоры, 200 мың тонна инерттi материал, 700 мың құм толтырылған қап және 104 тонна жарылғыш зат әзiрлендi.

«Алғаш рет еліміздің шалғайындағы аудандарға күштер мен материалдық ресурстарды, тіршілікпен қамтамасыз ету құралдарын жеткізу үшін екі бірлік Ми-26 көлік тікұшағы әзірлікке бірлік жоғары өтімді техника, сондай-ақ 17 саз мотомомпа сатып алынды. Бізде барлығы 500-ден астам жүзу құралдары бар, соның ішінде 7-уі табанды болып келеді», - деді В. Божко.

Осы орайда, тасқын кезеңіне толық дайындық ретінде 6-7 наурыз аралығында «Көктем-2014» командалық штабтық жаттығу ұйымдастырылды.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар