• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ViZaVi Company» бас директоры Л. Сайдашева: Кәсіпкерлер керек емес тексерулерді алып тастауды қолдайды

«ViZaVi Company» бас директоры Л. Сайдашева: Кәсіпкерлер керек емес тексерулерді алып тастауды қолдайды

11 Наурыз, 2014 12:55
Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялау қазақстандық кәсіпкерлердің қазіргі қажеттіліктеріне толығымен сай келеді, деп есептейді «ViZaVi Company» ЖШС бас директоры Лейла Сайдашева.

«Кәсіпорынның негізгі қызметі кондитерлік өнімдерді жасау оларды саудаға шығару болып табылады. Жасыратыны жоқ, тексеруге көп ұшырайтындар олар азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар және қоғамдық тамақтану нысандары мейрамханалар, кафелер мен асханалалар және т.б. Ал, осындай жағдайда өз бизнесіңді дамыту, одан әрі қарай жетілдіру қиынның қиыны. Сондықтанда, кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың бір түрі мораторий жариялауды қос қолдап қолдайды», - деді Л. Сайдашева.

Оның пайымынша, бүгінгі қолданыстағы қадағалау органдарының жұмыс жүйесі халықаралық талаптарға және заман ағымына сай келмейді.

«Өйткені, кәсіпкерлік субъектілерін тексеру оларға жаза қолдану емес, керісінше заңнамалық құқық бұзушылықты алдын-алу, жұмыстағы кемшіліктерді жою, жалпы, экономиканы қозғаушы шағын және орта бизнестің одан әрі дамуы үшін жағдай жасауға бағытталуы керек. Осы ретте, Елбасының Жарлығы бізге сенім ұялатты. Енді біз шын мәнінде қажетті істермен, яғни жеке бизнесімен еркін айналыса аламыз», - деп кәсіпкер атап өтті.

Сонымен қатар, ол, «ViZaVi Company» кәсіпорны өндірілген өнімнің қауіпсіздігін жетілдіру мақсатында жаңа стандарттау деңгейі ISO 22000 (HASSP) көшуде, деп хабарлады.

«Осыған байланысты өндіріс ошағында шикізат түскеннен бастап одан дайын өнім шығарғанға дейінгі бар процес қатаң бақылануда. Айта кетерлік жайт, мораторий ол кәсіпкерлер не істеседе өз еркі дегенді білдірмейді. Сондықтанда барлық кәсіпкерлерді қолданыстағы заңнамалық база шеңберінде жұмыс істеуге шақырамын. Шағын және орта бизнеске тексеруге мораторий бұған дейінде жарияланған болатын және ол өзінің тиімділігін дәлелдеді», - деп Л. Сайдашева баса айтты.

 

Барлық жаңалықтар