• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да бюджеттік шығындарды жоспарлауда тәуекелдерді басқару жүйесі енгізіледі - ЭБЖМ

ҚР-да бюджеттік шығындарды жоспарлауда тәуекелдерді басқару жүйесі енгізіледі - ЭБЖМ

11 Наурыз, 2014 12:30
ҚР-да бұзықшылықты дер кезінде анықтау мақсатында бюджеттік шығындарды жоспарлауда тәуекелдерді басқару жүйесі енгізіледі, деп бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Бұзықшылықты дер кезінде анықтау және оған қарсы шаралар қолдану мақсатында Жоспар шеңберінде бюджеттік шығындарды жоспарлауда тәуекелдерді басқару жүйесі енгізіледі», - деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алу саласындағы қаржылай тәртіп бұзушылықтар және мемлекеттік қаржылау бақылаудың жетілмегендігі мемлекет қаржысының қомақты бөлігінің «көлеңкеге» кетуіне қолайлы жағдай жасайды.

Жалпы, мемлекеттік сатып алу саласында 2013 жылдың 9 айында жүргізулген тексерулер нәтижесінде 1399 немесе барлық тексерулердің 45% бойынша шикіліктер табылған.

Бұдан басқа, басқару, мемлекеттік қаржы мен активтерді пайдалану  тимділігін арттыру жолында мемлекеттік аудит және ұсыныстарды әзірлеу бойынша құқықтық механизм құрылады.

«Мемлекеттік сатып алу бойынша Бірыңғай ұйымдастырушының жұмысының басталуы бюджет қаржысын жоспарлау және бөлу жолында шикіліктерді азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік сыңайлы секторда мемлекеттік сатып алуды бақылауды күшейту үшін бірқатар шаралар қабылданады», - деп ол түсіндіріп өтті.

Барлық жаңалықтар