• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да Үкімет пен Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2014 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі мақұлданды

ҚР-да Үкімет пен Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2014 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі мақұлданды

11 Наурыз, 2014 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2014 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мақұлданды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде хабарлағандай, аталған құжат елдегі макроэкономикалық, қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін үйлестірілген макроэкономикалық және ақша-кредит саясатын жүргізу үшін жыл сайынғы негізде әзірленеді.

Қабылданған Мәлімдемеде аталғандай Мемлекет басшысының      2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін ескере отырып, 2014 жылы экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мыналар болады:экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету,макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау,қоғамның әлеуметтік жаңғыртылуы,өңірлік даму және урбанизация процесін басқару,мемлекеттік басқару жүйесі одан әрі қалыптастыру,халықаралық интеграция.

Бұл ретте 2014 жылы Үкімет пен Ұлттық Банк жүргізетін экономикалық саясат тұрақты экономикалық өсуді 6-7 % деңгейінде және инфляция деңгейін 6-8 % дәлізінде сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар