• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ЭБЖМ 2014-2015 жылдарға арналған ҚР-да көлеңкелі экономикаға қарсы тұрудың көкейтесті кешенді жоспарын таныстырды

ҚР ЭБЖМ 2014-2015 жылдарға арналған ҚР-да көлеңкелі экономикаға қарсы тұрудың көкейтесті кешенді жоспарын таныстырды

11 Наурыз, 2014 11:30
ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Үкімет отырысында 2014-2015 жылдарға арналған ҚР-да көлеңкелі экономикаға қарсы тұрудың көкейтесті кешенді жоспарын таныстырды.

 «Жоспар 2013 жылдың 11 қазанында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сай дайындалды. Атап айтар болсақ, Мұнай және газ министрлігімен бірігіп мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес шаралары дайындалды. Бас прокуратура мен қаржы полициясымен бірігіп заң бұзушылық жолмен алынған табыстарды жою мен қызметтер түрлеріне қарсы тұру шараларын атқару шаралары қосылды», - дейді Е.Досаев.

Ведомствоның мәліметінше, көлеңкелі экономика құрамында формалды емес қызметтер арқылы қызмет пен тауар өнімдері көбірек үлес алады. Яғни, олардың пайыздық көрсеткіші 54,2-ні құрайды.

2012 жылы Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың деңгейі ЖІӨ-нің 19,2% құрап, 2005 жылғымен салыстырғанда 0,9 пайызға төмендеген.

Жалпы Үкіметтің актуаландырылған Жоспары 60 шараны қамтиды.

2014-2015 жылдары көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жалпыжүйелік сипатта болды. Сонымен қатар экономика салаларында көлеңкелі өндірісті қысқарту шаралары атқарылды.

«Экономика салаларында көлеңкелі өндірісті қысқарту шаралары өз кезегінде айтарлықтай жетістіктерге бастайды. Атап айтар болсақ сауда, ауыл шаруашылығы, көлік, жылжымайтын мүлікпен жасасқап операциялар мен өнеркәсіпте аталмыш көлеңкелі экономика көрсеткіштері байқалады», - дейді министр. 

Барлық жаңалықтар