• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әлеуметтік аз қамтылған халық бөлігіне қолдау көрсету үшін 121,6 млрд теңге қарастырылған - ЭБЖМ

Әлеуметтік аз қамтылған халық бөлігіне қолдау көрсету үшін 121,6 млрд теңге қарастырылған - ЭБЖМ

11 Наурыз, 2014 11:00
ҚР-да әлеуметтік аз қамтасыз етілген тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында түзетілген бюджет жобасы шеңберінде 121,6 млрд. теңге қарастырылды, деп бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Әлеуметтік аз қамтасыз етілген тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында түзетілген бюджет жобасы шеңберінде 121,6 млрд. теңгені, сонымен қатар,  азаматтық қызметкерлердің ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап ай сайынғы жалақысына  10% көлемінде үстемақы төлеу үшін 63,5 млрд. теңге бөлу қарастырылған», - деп Е.Досаев сендірді.

Бұдан басқа, ЭБЖМ атап өткендей, зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді көтеру үшін 53,4 млрд. теңге,  мемлекеттік тапсырыс аясында білім алып жатқандардың шәкіртақысын 10%-ға көтеру үшін 4,7 млрд. теңге бағытталады деп жоспарланған.

Жалпы, қосымша қаражат Елбасының халыққа Жолдауында және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталады.

Сондай-ақ, түзетілген бюджеттік жобада 2014 жылдан бастап қаржыландыруды қажет ететін Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында қосымша  қаржы қарастырылды.

«Сонымен, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тұрғын үй 20,8 млрд. теңге шығындалатын болды. Ал, коммуналдық инфрақұрылымдардың жағдайын жақсарту мақсатында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде 16 мың көп пәтерлі тұрғын үйлерге жылу есептеуіш құралдарын орнату үшін 8 млрд. теңге қосымша бөлінді»,- деп Е.Досаев толықтырды.

Барлық жаңалықтар