- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев А. Меркельмен германиялық-қазақстандық қарым-қатынастың перспективаларын талқылады
Н. Назарбаев А. Меркельмен германиялық-қазақстандық қарым-қатынастың перспективаларын талқылады
Ақордада хабарлағандай, екі елдің көшбасшылары Қазақстан-Германия екіжақты қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан Президентінің Германияға сапары барысында қол жеткізілген келісімдер негізіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейту мәселелерін талқылады.
Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель Украинадағы ішкі саяси ахуалдың дамуымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті украиндық дағдарысты барлық мүдделі тараптар арасындағы диалог жолымен, бұл елдің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ өзара күш көрсету мен ультиматумдардан бас тарту үшін халықаралық бітімгершіліктің ықтимал тетіктерін пайдалана отырып дипломатиялық тұрғыда реттеудің маңыздылығын қуаттады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қажет болған жағдайда, Украинадағы ахуалдың бейбіт жолмен шешілуі үшін ымыралы шешімдерді әзірлеуге өзінің сындарлы үлесін қосуға дайын екендігін жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады