Түркістан қаласындағы 100-ден астам тұрғын үйге табиғи газ берілді

9 Наурыз, 2014 11:47
Түркістан қаласындағы 100-ден астам тұрғын үйдің тұрғындары табиғи газды пайдалана бастады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ (ҚТГА) Түркістан қаласындағы қалаішілік жерасты газ құбырларын жүргізу  жұмыстарына  2014 жылдың 1 наурызынан бастап кіріскен болатын. Қала ішіндегі газ тарату желілерінің, құрылыстардың және үйлерге қосылатын бұрма құбырлардың құрылысы бойынша жұмыстар, сондай-ақ абоненттерді газбен жабдықтау жүйесіне қосу  жұмыстары «Бейнеу-Бозой-Шымкент»  магистральдық газ құбырының бойындағы елді мекендерді газдандыру жөніндегі жоспар-кестеге сай жүзеге асырылуда.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған уақыттан бері 7 бригада құрамындағы 60 адамның күшімен 5 шақырымнан астам газ құбыры төселді.

Айта кетерлік жайт, газбен жабдықтау желілерін жүргізу кезінде заманауи технологиялар мен жоғары технологиялық техникалар, қазіргі уақыт талаптарына сай келетін материалдар мен жабдықтар қолданылуда.

Барлық жаңалықтар