- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Қазақстанның ер адамдарын әйелдерді құрметтеуге және бағалауға шақырды
Н.Назарбаев Қазақстанның ер адамдарын әйелдерді құрметтеуге және бағалауға шақырды
Кездесуге экономиканың түрлі секторының, мәдениеттің, әлеуметтік сала мен мемлекеттік қызмет өкілдері қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
«Мен сіздер арқылы еліміздегі барлық әйел атаулысын құттықтап, оларға денсаулық пен табыс тілеймін. Әйелдер еліміздегі экономиканың барлық салаларындағы, әсіресе денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, кәсіпкерлік секілді көптеген салаларда қызмет етуде. Олардың үлес саны шамамен 52 пайызды құрайды. Солардың ішінде көпшілігі депутаттар, жетекшілер мен мемлекеттік қызметкерлер. Осылайша олар еліміздегі маңызды істердің басы-қасында жүр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президентінің айтуынша, еліміздегі әйелдердің көпшілігі табысты және сапалы еңбек етуде.
«Тәуелсіздік алғалы бері шамамен 7 млн-дай сәби дүниеге келді. Қазіргі таңда елімізде мыңдаған нәресте дүние есігін ашады. Бүгінде еліміздегі көпбалалы аналардың саны жаты миллионға жуықтады. Бұл нағыз ерлік. Барлық әлеуметтік жүк әйелдердің мойындарына артылған. Медицина мамандарының ¾-і әйелдер», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Республикасы Президентінің айтуынша, гендерлік саясатта республикамыз алдыңғы қатарлардан көрінеді. Жалпы ұлттық өнімнің өндірісіндегі әйелдердің үлес салмағы 40% құрайды. Әйелдер маңызды мемлекеттік лауазымдарды иеленген. 550 мың қазақстандық нәзік жанды шағын және орта кәсіпкерлікті басқарып отыр.
Н.Назарбаевтың айтуынша, таяуда ғана Махаббат Бекбосыновты Әйелдер және отбасылық-демографиялық мәселелер бойынша Ұлттық комиссияның төрайымы етіп тағайындады. Елбасы ол кісінің атақты дәрігер екенін тілге тиек етті.
Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруда да әйелдердің еңбегі ерен.
«Біз саяси тұрақтылықты ұстай отырып, елімізде тұрып жатқар барлық адамдарға теңдік пен әділеттілікті қамтамасыз етеміз. Біз осы дәрежеге тізе қосып әрекет ету арқылы ғана жеттік», - деді Елбасы.
Сөзінің соңында Мемлекет басшысы атқарылып жатқан барлық мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты елдің ахуалын жақсарту екенін айта кетті.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы