• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Парламенті Мәжілісінің Бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді

ҚР Парламенті Мәжілісінің Бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді

7 Наурыз, 2014 17:00

Палата талқылауына бірінші оқылымға кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті  қатаңдату мәселелері шығарылады.

Жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына  ратификациялауға қатысты: 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан мен Ресей Үкiметтерi арасындағы Келісімге авариялық-құтқару қызметтері мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тәртібі туралы Хаттама және қазақстан-қырғызстан төтенше жағдайлар мен табиғат апаттарының тәуекелін төмендету туралы Орталық құру туралы Келісім бар.

Палатаға екі заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу ұсынылды.  Олар –  Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімінің күшін жою туралыжәне  1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияны, оған 1948 жылғы 10 мамырдағы, 1966 жылғы 16 қарашадағы, 1972 жылғы    30 қарашадағы Хаттамаларды және оған 1982 жылғы 24 маусымдағы және 1988 жылғы 31 мамырдағы Түзетулерді ратификациялау туралы заң жобалары.

Барлық жаңалықтар