• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жарлық дүниетанымдық мінезге ие және ол саяси еркіндік түрінде көрініс тапқан - А.Соловьева

Жарлық дүниетанымдық мінезге ие және ол саяси еркіндік түрінде көрініс тапқан - А.Соловьева

7 Наурыз, 2014 13:08
ШОБ тексеруге мораторий жариялау туралы жарлық дүниетанымдық мінезге ие және ол саяси еркіндік түрінде көрініс тапқан. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева мәлім етті.

«Бұл жарлық дүниетанымдық мінезге ие және ол саяси еркіндік түрінде көрініс тапқан. Мемлекет басшысы Жолдауында, Стратегия-2050 шағын және орта бизнесті қолдау басымдылыққа ие болуы керек деп бірнеше рет атап өтті. Сонымен қатар, Президент, экономика және оның дамуы шағын және орта бизнестің ондағы үлесіне және оның қаншалықты тұрақты болатынын баса айтқан еді», - деді А. Соловьева.

Оның пайымынша, бұған дейін ШОБ саласы бойынша қабылданған бағдарламалар мен шешімдер өз ролдерін жақсы атқарып, бүгінде бизнес жақсы жылдамдықпен дамуда.

«Бүгінгі мораторий шағын және орта бизнесті қайта түсінуге бағытталған жаңа кезең. Бізде бизнес ол қара басын ойлап қалған кәсіпкер деген түсінік қалыптасқан. Сондықтанда «Нұр Отан» партиясы интикаторды бақылап және мониторинг жасайтын толық бір жүйені құрды, онда бизнестің даму көрсеткішті тіркелетін болады. Сонымен қатар, тәлімгерлік институт құрылды, мен онда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бойынша жұмыс істеймін. Бізде сарапшылар кеңесі  мен қоғамдық саясат институттар ашылып, олар өздерінің зерттеулерін жүргізуде», - деп депутат атап өтті.

Айта кетерлік жайт, бүгінде мемлекет бойынша бизнес саласында жеткен жетістігіміз аз емес.

 

 

Барлық жаңалықтар