СҚО-дағы бизнес құрылымның шамамен 30%-ын әйелдер басқарады

7 Наурыз, 2014 12:43
СҚО-да 40 мыңдай шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, солардың 30%-ын нәзік жандылар басқарады.

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, негізінен кәсіпкерлер сауда, туризм, мектепке дейінгі білім беру және қоғамдық тамақтану орындарында қызмет етеді.

Кәсіпкерлік қызметтерді жандандыру үшін, соның ішінде әйелдер кәсіпкерліктерінің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру үшін мемлекет тарапынан қаржылық, мүліктік, құқықтық, кеңес беру қызметтері көрсетіледі.

2014 жылы «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы аясында облыс аудандары мен Петропавл қаласындағы 25 жедел курста 724 адам оқып жатса, соның 324-і әйелдер.  

Әйелдер кәсіпкерлігінің басты түрлері аталмыш бағдарламаға қатысады, атап айтар болсақ олар тамақтану тауарлары, балабақша мен шағын орталықтар ашу, денсаулық сақтау және өзге де салаларда қызметтерін ұйымдастыру болып табылады.

Айта кету керек, өңірде бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлік субъектілері уақыт өткен сайын артып келеді. «БЖК-2020» бағдарламасынеа қатысатын кәсіпкерлердің саны айтарлықтай өскен, 2010 жылы мемлекттік қолдауына тек бір әйел кәсіпкер қол жеткізсе, биыл бұл көрсеткіш 23-ке жеткен.

Барлық жаңалықтар