- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада көліктік -логистикалық саладағы кадрлық саясат бойынша жол картасы жобасы жасақталды
Астанада көліктік -логистикалық саладағы кадрлық саясат бойынша жол картасы жобасы жасақталды
Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік қызметркерлерінің одағынан хабарлағандай, әлеуетті жұмыс берушілер мен оқу орындарының өкілдерімен кездесу мамандарды даярлау барысындағы проблемаларды шешуге арналды.
Көліктік-логистикалық саланың негізгі тенденцияларын есепке ала отырып, іс-шара аясында аймақтың еңбек нарығындағы кадр тапшылығы мен проблемалары да талқыланды. Сонымен қатар, өңірлердегі көліктік-логистикалық сала бойынша білікті мамандар даярлаудағы мәселелер мен жұмыс берушілердің оқу орындарымен біліктілікті арттыру бойынша ынтымақтастық мәселелері де қаралды.
Алдағы уақытта да әріптестікті дамыта түсу үшін жұмыс берушілер тарапынан мына мәселелер ортаға тасталды: студенттердің дипломдық жұмысы үшін актуалды тақырыптардың тізімін құру, шет елде оқуды қаржыландыру, өндірістік немесе инфрақұрылымдық нысандарға шығуды ұйымдастыру, «KAZLOGISTICS» кадрлық резервін құру, жобалар бойынша олимпиадалар ұйымдастыру, көліктік-логистикалық салада оқушылар мен мектеп бітірген түлектерді оқыту бойынша бірігіп жұмыс атқару, шет елдік сарапшыларды тартып, оқыту бағдарламаларын қолға алуды қарастыру.
Шара барысында сонымен қатар дуалды оқытуды ұйымдастыру, мамандардың білікті тобын дайындау, салада мамандандырылған және білікті жаңа бағытын құру, алда жұмысқа қабылдау және еңбекақы төлеу шартымен өндірістік тәжірибе ұйымдастыруға қатысу мәселелері талқыланды.
Дөңгелеу үстел қорытындысы бойынша, көліктік-логистикалық салада кадрлық саясаттың жол картасы дайындалды. Жоғарғы және орта білім беру орындары, транспортты-логистикалық компаниялардың қатысуымен транспортшылардың Жастар форумын өткізетін уақыт пен орын талқыланды.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары