• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Құрманова: Стратегия-2050 қабылдау мемлекеттің даму жолында дер кезінде жасалған қадам

Б.Құрманова: Стратегия-2050 қабылдау мемлекеттің даму жолында дер кезінде жасалған қадам

13 Қаңтар, 2017 10:00

«Өз бетінше жедел, әрі дұрыс шешімді қабылдауды мен Медеу акиматында үйрендім. Менің ойымша,  бойында қорқынышы жоқ адам ғана топ-менеджер бола алады. Мен экономист, менеджер ретінде стратегиялық жоспардың маңыздылығын жақсы түсінемін. Ал, мұндай ілкімді жобаларсыз бизнестің жалпы мемлекеттің тұрақты дамуы мүмкін емес.

Стратегия-2050 қабылдау мемлекеттің даму жолында дер кезінде жасалған қадам.  Жеке өз басыма Стратегия-2050-де  Қазақстанға жаңа технологиялар мен білімді тарту туралы айтылған пунтктері жақын. Мен кәсіби түрде көрме бизнесімен айналысамын. Сондықтанда көрмелер мемлекеттер мен компанияларды байланыстыратын көпір деп сенімді айта аламын. Сонымен қатар, ол өзің туралы айтуға, жаңа инвесторлар мен серіктес табуға мүмкіндік береді, жалпы, қорыта айқанда біздің Қазақстанды бақытты және бай етеді», - деп Б. Құрманова есептейді.

Оның айтуынша, дәл осы мақсатта Қазақстан дайындалып жатқан EXPO 2017 көрмесін өткізу бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру жолында үлкен серпіліс береді.

Анықтама:Бақыткүл Құрманова -  «Көрме» көрме орталығының бас директоры.

Алматының халық шаруашылығы институтын тәмәмдаған.

Көп жылдық еңбек өтіліміне банк, мемлекеттік, жеке және қоғамдық құрылымдарда, оның ішінде Алматы қаласының медеу акиматында, Халықаралық Еуразиялық медиафорум, Қазақстан республикасының Сауда-өндіріс палатасындағы қызмет жолы кіреді.

2011 жылдан бастап Астана қаласындағы «Көрме» көрме орталығын басқарады, ол өз кезегінде мемлекеттік көрме саласының жедел дамып келе жатқан бір бөлігі болып табылады.

«Менен Қазақстанда бизнесмен болу қиын емеспе деп жиі сұрайды. Жауабым - мүлдем қиын емес, әрине егер кәсібіңді ашық түрде жүргізетін болсаң, мемлекетпен өзіңнің алдында адал болсаң ғана. Көрме бизнесі - қиын және өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ішінде өте маңызды және қажетті майда-шүйделері көп және бизнестің бұл түрімен тек әйел баласы ғана айналыса алатын сияқты», - деді Б. Құрманова.

Сонымен қатар ол, бұл жетістікке бала кезінде алған тәрбиесінің арқасында жеткенін атап өтті.

Барлық жаңалықтар