ҚР елшісі Вьетнам президентіне сенім грамоталарын тапсырды

7 Наурыз, 2014 09:00
Ханой қаласында Президент сарайында Қазақстан Республикасының елшісі Бекетжан Жумахановтың Вьетнам Социалистік Республикасының президенті Чыонг Тан Шангқа сенім грамоталарын тапсыру салтанаты өтті.

Салтанатты шарадан кейін орын алған кездесуде, Вьетнам президенті Қазақстан мен Вьетнам арасындағы екіжақты қатынастардың ахуалы мен келешегіне жоғары баға берді, көпжылдық достық сипаттағы саяси диалогты атап өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Чыонг Тан Шанг Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығы арқасындағы Қазақстанның серпінді дамуын атап өтіп, оған екі көшбасшы мен елдер арасында орналған жылы және достық қатынастар үшін терең ризашылық сөздерін жолдады.

Вьетнамда қазақстандық Елшіліктің ашылуына орай, президент Чыонг Тан Шанг көпжоспарлы саяси диалогтың, экономикалық ынтымақтастықтың, сондай-ақ Вьетнам мен Қазақстан арасында еркін сауда аймағын құру мәселесі бойынша өзара әрекеттесудің кең болашағын атап өтті.

Қазақстандық дипломат Қазақстанның Вьетнаммен сындарлы және өзара тиімді саяси, кең сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ұстап тұруға дайын екенін атап өтті.

Барлық жаңалықтар