• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ. Елубаев: Бизнесті тексеруге мораторий жариялау – ШОБ-тің табысты дамуының кепілі

Қ. Елубаев: Бизнесті тексеруге мораторий жариялау – ШОБ-тің табысты дамуының кепілі

6 Наурыз, 2014 18:26
Бизнесті тексеруге мораторий жариялау - ШОБ табысты дамуының кепілі, деп есептейді Астана қаласы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі қауымдастықтың орындаушы директоры Қайрат Елубаев.

«Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі қауымдастық Президент ұсынған еліміздің бизнес климатын жақсарту бойынша барлық бастамаларын қолдайды, оның ішінде Астана қаласының кәсіпкерлерінің құқығын қорғауды ерекше атап өтуге болады», - деді Қ. Елубаев.

Сонымен қатар ол, қызмет көрсету саласының ЖӨӨ құрылымындағы үлесі 60% немесе 190 мың адамды, 55 мың белсенді кәсіпкерлік субъектілерін құрайды, деп атап өтті.

«Кәсіпкерлік туралы сөз етілгенде біз экономикалық белсенді қаладан артық нәрсені көздейміз. Жалпы, шағын және орта бизнес орташа класстың дамуын өзгертеді. Бұл бірінші кезекте тұрақты өмір сүру болып табылады. Яғни біз үшін шағын және орта бизнес әрсалада жұмыс істегені, заманауи принціптерге сай болуы маңызды», - деді Қ. Елубаев.

Оның айтуынша, соңғы жылдары бақылаушы құрамды қысқарту бойынша Үкіметтік жұмысы қарқын алып келеді.

«Алайда, өкінішке орай, барлық әкімшілік кедергілерді толықтай алып тастау мүмкін болмай отыр. Бұның барлығы елдегі заңнамаға келіп тірелуде. Біздің ойымыша, шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге мораторий жариялау кәсіпкерлік ортада өз жемісін бермек. Сонымен қатар кәсіпкерлердің өздері де осы уақытты тиімді пайдаланып, жаңа кәсіпкерлік ашуға, істерін ретке келтіріп, кәсіпкерліктерін кеңейтуде тиімді қолданулары керек. Кәсіпкерлер қашан да өздерінің істерінің тазалығы мен дұрыстығына жауап бере алулары керек. Мемлекет басшысының аталмыш бұйрығы еліміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің сәтті дамуына жол ашпақ», - дейді Қ.Елубаев.

Барлық жаңалықтар