Ақтөбе облысында «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығы аталып өтті

6 Наурыз, 2014 17:30
«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының бас ғимаратында партияның 15 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

«Он бес жыл - партияның халықпен бірге жүріп өткен табысты да ауыр жолы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз көптеген табыстарға қол жеткізді, орасан зор өзгерістер болды. Бүгінгі таңда ел азаматтарының әл-ауқаты артып келеді. Партияның 15 жылғы бойғы мақсаты - қоғамдағы бірлік пен келісімді қамтамасыз ету», - деді Салтанатты жиында партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрхан Ағниязов.

«Нұр Отан» партиясы үшін өткен жыл тарих беттерінде қалатын айшықты жаңалықтарымен ерекшеленеді. Партияның кезектен тыс XV съезі өтті.

«Бүгін Елбасы Жолдауының арқасында жас ел тарихында әлемнің ең дамыған елдер қатарына ену мүмкіндігі туды. Біз алға қойған мақсаттар жүзеге асып, орындалады деген ойдамыз. Мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігі тынбай еңбек ететін мақсат қою алдымызда тұр», - деп «Жас Отан» жастар қанаты қалалық филиалының атқарушы хатшысы Радина Серікова айтты.

Партияның барлық жоспарлары мен міндеттерін айқындайтын басты құжат - Саяси Доктрина қабылданды. 

 

 

Барлық жаңалықтар