• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бірыңғай дистрибуция жүйесі біркелкі фармацевтикалық өндірушілерге қиын жағдайдан шығуға мүмкіндік береді - А.Нұртаев

Бірыңғай дистрибуция жүйесі біркелкі фармацевтикалық өндірушілерге қиын жағдайдан шығуға мүмкіндік береді - А.Нұртаев

6 Наурыз, 2014 17:25
Бірыңғай дистрибуция жүйесі біркелкі дәрі-дәрмектерді өндірушілерге қиын жағдайдан шығуға мүмкіндік береді, деді «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында ҰҚП Медициналық фармацевтиқалық өндіріс және медициналық қызмет комитетінің төрағасы Арнұр Нұртаев.

«Бірыңғай дистрибуция жүйесінің жұмысы шешімі көп күттірмейтін мәселелерді кәсіпкерлермен, мемлекетпен бірлесіп шешуге бағытталған.  Жағдайдың шешімі жоқ емес, алайда бірыңғай өндірушілерге қиын жағдайдан шығуға мүмкіндік беретін бірқатар шараларды қабылдау керек»,- деді Ә. Нұртаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бағалар нарық заңдылықтарына сәйкес өзгеретін болады. Себебі, дистрибуторлар дәрілік өнімдер бойынша келісімшартқа шетелдік тауар өндірушілермен шетелдік валюта да отырады.

«Олар баяғы қалпында қала алмайды, себебі олардың өнімдері теңгелей саудалануда. Бағаны көтеру өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Қазіргі таңда Ұлттық палата кәсіпкерлермен бірлесіп бағаны өсіруді барынша төмендетуге және бағаны баяғы қалпында қалдыру бойынша жұмыстар атқарып жатыр», - деп ол түсіндіріп өтті.

Айта кетерлік жайт, ҰКП «Қазақстан Республикасында бірыңғай дистрибуция жүйесі. Даму перспективалары» тықырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қызығушылық танытып отырған мемлекеттік органдардың өкілдерімен және ҚР ҰКП бірлесіп қазақстандық кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасау бойынша және қордаланып қалған мәселелерді шешу үшін жұмыс тобын құру керек деп шешілді.

Барлық жаңалықтар