• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШОБ тексерісіне мораторий жүргізу кәсіпкерлікті дамытуға оң әсерін тигізеді – Т. Шотанов

ШОБ тексерісіне мораторий жүргізу кәсіпкерлікті дамытуға оң әсерін тигізеді – Т. Шотанов

6 Наурыз, 2014 17:15
ШОБ тексерісіне мораторий жүргізу кәсіпкерлікті дамытуға оң әсерін тигізеді , деді Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Төлеміс Шотанов.

«Елбасының шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге мораторий жариялауы - өте дұрыс және пайдалы, уақытында алынған шара болды Сөз жоқ, бұл кәсіпкерлердің әкімшілік күрмеуден қолдарын босатады. Біз Мемлекет басшысының бұл шешімінің Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға оң ықпалын тигізетініне сенімдіміз. Себебі тап бүгінгі күні қаптаған тексерулердің еліміздегі бизнестің дамуына үлкен тосқауыл болып жүргенін жақсы білеміз», - деді Т. Шотанов.

Мораторий жаңа бизнес бастаушылардың аяғынан тұруына жәрдемдеседі. Олар нарықтағы өз орындарын табады. Еркін тыныстап, өздеріне сенімді болады. Орынды, орынсыз, жоспарлы-жоспарсыз тексере беретін бақылаушы органдардың іс-қимылының бизнестің тынысын тарылтатынын көпшіліктің бәрі білді,дейді ол. 

«Бізді қуандырған тағы бір шара - елімізде жаңадан Бизнес-омбудсмен институтының құрылуы болды. Бұл өте өзекті мәселе деп есептейміз. Аталған  институт, біздің кәсіпкерлік палатасы сынды бизнес өкілдерінің құқын қорғайтын мәселелермен шұғылданатын болады. Бұдан тек бизнес ұтады», - деді ол.

 

 

 

Барлық жаңалықтар