• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИЖТМ мен әрекеттегі түрік инвесторлары ынтымақтастық қатынасты талқылады

ИЖТМ мен әрекеттегі түрік инвесторлары ынтымақтастық қатынасты талқылады

6 Наурыз, 2014 15:40
ҚР ИЖТМ инвестициялар бойынша комитеті және Kaznex Invest экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі Қазақстан аумағында әрекет ететін инвесторлармен бірқатар кездесулерді аймақтарда өткізуді жалғастыруда.

Алматы әкімдігінде түрік инвестиция компанияларымен инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік саясатты талқылау өтті. Іскерлік іс-шара қатысушылары ішінде Galaksi, Teksan, Turkuaz Group of Companies, Abdi İbrahim Global Pharm және басқалар сияқты инвесторлар болды - олардың барлығы KATIAD мүшелері болып табылады (Қазақстан және Түркия іскерлер қауымы).

Министрлікте хабарлағандай, компанияларға Қазақстанда инвестициялық қызмет бойынша өз жоспарларын және елде инвестициялық климатты жақсарту бойынша ынталарын  үндендіру ұсынылды. Астанада өткен  инвестицияларды тарту бойынша Ұлттық жоспарды түзетудің жуырдағы отырырыснда Премьер-министр орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев осындай ұсыныспен инвест-қауымға сөз айтқанын еске түсіре кеткен жөн. Ұсыныстар Жаңа индустрилизация бағдарламасының екінші бесжылдығын әзірлеуде ескерілетін болады.

Шетел инвесторлары құқықтарын қорғау, онымен қоса Қазақстанда инвестициялар бойынша омбудстмен институтын енгізу кездесудегі тағы бір маңызды сәттердің бірі болды. Өткен жылы Ә.Исекешев төралығымен шетел инвесторларының құқықтарын қорғау үшін шараларды жасау бойынша Жұмыс тобы қалыптастырылды. Инвесторларды қолдау орталығы (ИҚО) құрылған Kaznex Invest, Жұмыс орган болып айқындалды. Жарты жыл ішінде Жұмыс тобы  Қазақстанда жұмыс істейтін  инвесторлардың 27 өтінімін қарастырды, бүгінгі күні оның 8 бойынша мәселелер шешілді. Жобаны іске асыру барысында инвесторлар көбінесе  жер мәселелері, салық салу, виза және жұмыс рұқсаты, сондай-ақ кедендік заңнамамен байланысты проблемалармен жиі кездеседі.

Соңында ұйымдастырушылар инвесторларға сауалнама өтуге және жергілікті атқарушы органдар және инвесторларды қолдау орталығының жұмысын бағалауға ұсынды. Коминвест және Kaznex Invest осындай сауалдарды барлық аймақтарда өткізуді жоспарлауда.

 

 

Барлық жаңалықтар