ҚР Елшісі Сингапурдың ұлттық даму министрімен кездесті

6 Наурыз, 2014 15:30
Елші Ерлан Баударбек-Қожатаев Сингапурдың билеуші Халық қимылы партисының төрағасы, ұлттық даму министрі Кхо Бун Ванмен кездесу өткізді.

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Сингапурда Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Сингапур Республикасының билеуші Халық қимылы партисының (People’s Action Party) төрағасы, Ұлттық даму министрі Кхо Бун Ванмен (Khaw Boon Wan) кездесу өткізді.

Е.Баударбек-Қожатаев партияның төрағасына «Нұр-Отан» партиясының Бірінші орынбасары Б.Байбектің партияаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету көзқарасы бейнеленген хатын тапсырды.

Елші сұхбаттасты елді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту барысымен таныстырып, осы орайда Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Сингапурдың алдыңғы қатарлы тәжірибесін бейімдеуге аса мән беретінін атап өтті.

Кхо Бун Ван қазақстандық-сингапурлық қатынастардың дамуына Елбасының жеке назарын жоғары бағалап, оның ішінде партияаралық өзарақатынасты ныңайтудың маңыздылығына ерекше көңіл аударды.
Халық қимылы партиясы Сингапурдың 1965 жылы тәуелсіздік алғалы бері билеуші партиясы болуда және ішкісаяси сахнада басым күш болып қалуда.

Барлық жаңалықтар