Алматыда «Кім жаңа «жасыл» экономиканы құрады» экофорумы өтеді

6 Наурыз, 2014 14:30
Алматы қаласында 28 наурызда «Кім «жасыл» экономиканы құрады» Экологиялық форум - 2014 өтеді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауда атап өткендей, Әлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесін Астанада өткізу барысында зерттеу орталығын құру керек және әлемнің болашақ энергиясы мен «жасыл» экономиканы құру және  іздеу бойынша үздік тәжірибелерді енгізген жөн.

Форумда көтерілетін негізгі мәселе Алматы қаласының экологиялық ахуалын жақсарту болып табыладын. Бұл сұраққа «жасыл» экономиканың дамуына өз үлесін қосып жүрген экологиялық өнімдер секторының компаниялары, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес мекемелер  жауап беретін болады.

Экологиялық конференцияның мақсаты - мемлекеттік органдардың, бизнесмендер мен қоғамның назарын қоршаған орта саласындағы проблемалар мен оларды шешу жолдарына аудару.

Экофорум шеңберінде мемлекеттік органдармен, бизнес және МЕҰ арасында «жасыл» экономиканы дамыту бойынша Меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Іс-шараны Алматы қаласы акиматы, «Нұр Отан» партиясы және «Город Дорог» журналы бірлесіп ұйымдастыруда.

Барлық жаңалықтар