• Басты
  • Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

6 Наурыз, 2014 12:15
Жетісу өңіріне Елбасының «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын насихаттау, негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бастаған ақпараттық-насихаттық топ келді. Оның құрамында министрліктер мен агенттіктердің өкілдері бар.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, өз кезегінде еліміздің Бас ұстазы бұл меморандум үш жылға бекітілген жоспар екендігін, яғни, Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асырудағы құжат болып табылатындығын айтты. 

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповпен ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Алматы облысының әкімдігі арасындағы білім беру және жастар саясаты салаларындағы 2014-2016 жылдарға арналған нысаналы көрсеткіштер мен түбегейлі нәтижелерге қол жеткізу туралы меморандумға қол қойды.

Облыс әкімінің міндетін атқарушы Амандық Ғаббасұлы осы меморандум арқасында Алматы облысының білім беру мен жастар саясаты жүйелерінің нысаналы көрсеткіштері мен түбегейлі нәтижелеріне қол жеткіземіз деген сенім білдірді. 

Мұнан соң ақпараттық-насихаттық топ мүшелері облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқановтың бастауымен І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, университет оқытушылары мен студенттерінің басын қосқан алқа мәжілісін өткізді.

Барлық жаңалықтар