- Басты
- Жаңалықтар
- ГФР бірқатар ірі компаниялары Қазақстанға инвестиция жасауға дайын – ИЖТМ
ГФР бірқатар ірі компаниялары Қазақстанға инвестиция жасауға дайын – ИЖТМ
ИЖТМ-де хабарлағандай, екі күндік бағдарлама бойынша экономикалық форум, Іскерлік кеңес және «ITB Berlin-2014» халықаралық туристік көрмесі секілді 3 ірі шараға қатысу, сондай-ақ Германия Үкіметінің мүшелерімен және Қазақстанда жұмыс істейтін ең ірі неміс концерндерінің, инжинирингтік компаниялар мен институттарының және әлеуетті инвесторлардың басшыларымен 15 екі жақты кездесуді өткізу жоспарланған.
Германияның Вице-канцлері - Экономика және энергетика федералдық министрі Зигмар Габриельмен кездесу барысында тараптар өнеркәсіп, энергетика, геология және жер қойнауын пайдалану, ғылым және инновациялар салаларындағы, сондай-ақ «Индустрия 4.0» Германияны өнеркәсіптік дамытудың жаңа стратегиясы төңірегінде (4-ші өнеркәсіптік революция) әріптестікті белсендіру мәселелерін талқылады.
Әсет Исекешевтің айтуынша, екі елдің ынтымақтастығын дамытуға мемлекет басшыларының келісімдері елеулі күш берді.
«Өткен жылы екі жақты сауданың көлемі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерден асып, 6,5 млрд. еуроға жетті. ГФР-дың Орталық Азия мен Кавказдың 8 елімен бүкіл тауар айналымының 60% Қазақстанға тиесілі. Бізді жыл сайын кеңейіп жатқан сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң динамикасы қуантады. Сонымен қатар, менің ойымша, германдық компаниялар өз үшін Республикамыздың әлеуетін толық аша алмады», - деп белгіледі вице-премьер экономикалық форумда сөз сөйлеген кезде және анағұрлым белсенді жұмысқа шақырды.
Өз кезегінде, «Siemens», «Lanxess», «CLAAS Global Sales GmbH», «METRO AG», «Bosch GmbH», «Knauf», «HeidelbergCement» өкілдері ҚР-да жұмыс жасап жатқан және жоспарланған жобаларды көрсетті.
Қазақстанда жаңа жобаларды жүзеге асыруға өзінің қызығушылығы туралы «MAGNA EUROPA» (автоөнеркәсіп үшін қосалқы бөлшектерді өндіру), «EVONIC» (химия өнеркәсібі), «REM», «ROGESSA», «SGL Group», «ARUBIS», «QUAESTA CAPITAL», (барлығы - ТКМК-де), «SALZGITTER» (металл өңдеу) компаниялары айтты.
Айта кетерлік, Қазақстан және Германия арасындағы бірлескен жобалардың жалпы қоржыны 92 жобаны қамтиды, бұл ретте 72 жоба бойынша тек соңғы 4 жылдың ішінде келісті (яғни, ҮИИДМБ жүзеге асыру басталғалы). Осы уақытта жалпы сомасы 700 млн. еуро құрайтын 12 жоба жүзеге асырылды.
Мысалы, Linde Group компанияларының тобы ArcelorMittal болат құю концернінің қазақстандық зауыты үшін техникалық газдарды өндіру үшін ауа бөлуші қондырғыны жасады. Бұл өнеркәсіптік жоба тек ең заманауи технологиялармен ғана жұмыс жасамай, қызметшілердің кәсіптік білімімен де айналысады.
«Funke-Kunststoffe» қуаттылығы жылына 1 млн. астам шаршы м құрайтын терезе профильдерінің өндірісін Қазақстанға көшірді. Осы кәсіпорын ішкі нарықтың мұқтаждығын толық қанағаттандыруға және өнімді Ресейге экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.
«Мэтро Кэш энд Кэрри» компаниясы Қазақстанда 8 сауда орталығын ашты, бұл ретте 1500 жұмыс орын құрылды. Сауда-бөлшек саудада өнім сапасының жаңа стандарттары, тиімді менеджмент жүйелері енгізілді. Жақын арада Атырау және Ақтау қалаларында тағы 2 жаңа сауда орталығы салынбақ.
Әсет Исекешев кәсіпкерлермен кездесу кезінде хабарлағандай, Қазақстан индустрияландырудың 2020 жылға дейінгі екінші бесжылдығының бағдарламасын әзірледі, оның асында ел үшін бұрынғыдай машина жасау, химия, металлургия салалары басым болып табылады. Яғни, Германияның артықшылықтары бар салалар.
Сапардың екінші күні қазақстандық делегация «ITB Berlin-2014» халықаралық туристік көрмесіне барып, ҚР ИЖТМ және ЮНВТО (БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының қысқартылған атауы) арасында «ЭКСПО-2017» аясында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері