• Басты
  • Жаңалықтар
  • Біз тексеру жүргізу пішінін қайта қарауды жоспарлаудамыз – Қазақстан кәсіпкерлер форумының атқарушы директоры М. Палташева

Біз тексеру жүргізу пішінін қайта қарауды жоспарлаудамыз – Қазақстан кәсіпкерлер форумының атқарушы директоры М. Палташева

6 Наурыз, 2014 10:00
ШОБ тексерудің жаңа мораторийі бизнес пен билік арасында жаңа қарым-қатынас тудырады. Біз тексерудің жаңа пішінін жүргізуді қарастырудамыз деп Қазақстан кәсіпкерлер форумының атқарушы директоры Мунавара Палташева мәлімдеді.

«Егер де тәуелсіз Қазақстан тарихына сүңгісек, бұл мораторий бізде үшінші рет қатарынан жарияланды. Әрбір мораторий кәсіпкерлердің өміріне ерекшелік енгізді. Бірінші мораторийді кәсіпкерлер асыға күтті, ол кезде олар тексерудің алдында ешбір әрекет жасай алмады, сондықтан да жаңа пішін енгізу жоспарлап отыр. Үш мораторий арасында көп уақыт өтті, бүгінде бірқатар мәселе шешілді», - деді М. Палташева.

Оның айтуынша, ҚР-да тексеру жұмыстары қабылданып, белгілі шаралар қолданылды.

«Алайда, көптеген проблемалар шешілмеді, барлығы атқарушы органдардың кәсіпкерлерге қоятын үлкен талабы, олардың көп бөлігі айыппұлға шығындалады, себебі қоятын талаптар өте жоғары. Мемлекеттік органдар әлі де өзгермеді тек қана қадағалау мен бақылау. Ал меморган қызметкерлері көмекшілерге айналып, бизнесті дамытуға үлес қосу керек. Бұл мораторий билік пен бизнестің арасында қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік болады», - деді М. Палташева. 

Барлық жаңалықтар