Мораторий заң бұзушыларға кешіру жасамайды – Н.Әлтаев

6 Наурыз, 2014 09:45
Мораторий заң бұзушыларға индульгенция болмайды, дейді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы орынбасары Нұржан Әлтаев ҚР Президентінің кәсіпкерлік қызметтерді дамыту үшін шарттарды жақсарту бойынша түбегейлі шаралар туралы бұйрығы туралы өз ойымен бөлісе отырып.

«Мораторий заң бұзушыларға индульгенция болмайды. Тек заң бұзушылық қаупі деңгейі өте жоғары кәсіпкерліктерге ғана тексеріс жүргізіледі. Ал тексеруге тура келетін, мысалы шағым түскен кәсіпкерліктер де тексерусіз қалмайды, алайда заң шеңберінен шықпағандарды артық мазалаудың қажеті жоқ. Егер кәсіпкер барлық заң талаптарын орындап отырса, тексеру органдары мүлде оларға жоламауы керек», - дейді Н.Әлтаев.

ҰКП Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, ол ҚР Президентінің әлемдік талаптарға сай тексеріс жүйесін енгізу туралы ойы қолдайды.

«Мен Мемлекет басшысының тексеру жүргізу форматын қайта қарау туралы айтқанымен толықтай қосыламын. Осыған орай кәсіпкерлерге жүргізілетін тексеріс санын барынша азайту керек», - дейді Н.Әлтаев.

Оның айтуынша, ЭЫДҰ елдерінде қабылданған қатынасты реттеу ұстанымы заңнамалық бекітілетін болады және Қазақстанда кәсіпкерлердің құқын қорғайтын бизнес-омбудсмен институты енгізіледі.

«Менің ойымша, аталмыш бұйрық мелекеттің гүлденуі жолында істерін атқарып жатқан барлық кәсіпкерлерді қуантып тастады. Бұйрықтың іске асырылуы Қазақстанда кәсіпкерліктің қарқын алуына міндетті түрде жағдай жасайды», - дейді басқарма төрағасының орынбасары.

Барлық жаңалықтар