• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОҚО кәсіпкерлеріне ШОБ-ті тексеруге жарияланған мораторийдің мақсаты түсіндірілді

ОҚО кәсіпкерлеріне ШОБ-ті тексеруге жарияланған мораторийдің мақсаты түсіндірілді

6 Наурыз, 2014 09:30
ОҚО кәсіпкерлер палатасында Оңтүстіктің кәсіпкерлері Елбасының шағын және орта бизнесті жоспарлы тексерулерге жарияланған мораторий мақсаты түсіндірілді.

Оңтүстіктің кәсіпкерлер палатасында хабарлағандай,  Елбасының шағын және орта бизнесті жоспарлы тексерулерге жарияланған мораториді қолдайды - бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасарлары Гүлнар Құрбанбаева мен Нұржан Әльтаевтың, ОҚО Аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Дулатов,  облыс кәсіпкерлері мен БАҚ өкілдері қатыстысуымен өткен мәжілісте айтылды.

«ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына барлық аймақтардан кәсіпкерлер әр салалы сұрақтармен шағымданады, бірі, уәкілетті органдардың тексерулерінен зардап шексе, келесі бірі мемлекеттік мекемелермен соттасумен әлек. Палата сарапшылары бірқатар кәсіпкерлердің сот істерінің оң шешімдерін алып беріп жатыр. Сонда да, кәсіпкерлікті тексеру мәселесі басты назардан қалмауда. Мысалы, 2013 жылы елімізде 200 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері тексеруден өтті. Жылына бірнеше рет әртүрлі себептермен өткізілетін тексерістер, кәсіпкерлердің өз ісін жүргізуге кедергі келтіріп, нәтижесінде көптеген шығындарға да алып келетіні жасырын емес. Ал жүргізілген тексерулер қортындылары көп жағдайда бұзушылықтар орын алмайтынын, егер бұзушылықтар анықталған жағдайда да тұтынушыларға тікелей қауіп төндірмейтін техникалық сипаттағы бұзушылықтар екендігі анықталуда» - деді Гүлнар Құрбанбаева.

Еске салсақ, 27 ақпан күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2 сәуірден бастап, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жариялады. «Жарлыққа сәйкес, мен 2 сәуірден бастап, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жариялаймын. Мен қазақстандықтардың бизнес жүргізуі үшін қажетті жағдайды одан әрі жақсарта түсу мақсатында Үкіметке бірқатар нақты шаралар қабылдауды тапсырдым» - деді Н.Назарбаев.

«Президент Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мемлекеттік органдармен бірлесіп кәсіпкерлік қызмет саласын бақылау мен қадағалауға қатысты қолданыстағы заңнамаға қажетті толықтырулар мен өзгертулер және жаңа заңдар мен жаңа тәсілдемелерді дайындауды тапсырды. Тексерістерді жүргізу түрі түбегейлі қайта қарастыру нәтижесінде кәсіпкерлерге қойылатын талаптардың жалпы саны 30 пайыздан артық мөлшерге қысқаруы оңтайлы шешім екініне сенемін.Мемлекетімізде 2008 жылғы мораториді еске алсақ, сол кезде елдегі кәсіпкерлік субьектілерінің саны 40% көбейгенін айтсақ артық болмайды. Менің ойымша, бұл көрсеткіш биылда екі есеге көбейеді - деді Нұржан Әлтаев.      

Барлық жаңалықтар