• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы Атырау облысында «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 34 үй салынады

2014 жылы Атырау облысында «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 34 үй салынады

6 Наурыз, 2014 09:15
2014 жылы «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында Атырау облысында 34 үй салынады.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, мемлекеттік қаржыландыру көздерінің барлық құралдары арқылы 2028 пәтерлі 34 үй салынбақ. Айта кетейік, биыл алғаш рет аудан орталықтарында 10 үй салынады.

2013 жылы өңірде 515,9 мың шаршы метр пайдалануға беріліп, республикалық қаражат есебінен 1444 пәтер салынды.

Сонымен қатар, Атырау қаласының бас жоспарын түзету жұмыстары жүргізіледі. Бірінші кезекте 2020 жылға дейін бас жоспар тұжырымдамасына 6 мың гектар жер енгізілмек.

2017 жылға дейін барлық жер учаскісі коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Барлық жаңалықтар