Әлемдік деңгейдегі қазақстандық сауда үлесі 0,12% құрайды –Ж.Әжібаева

5 Наурыз, 2014 15:30
Әлемдік деңгейдегі қазақстандық сауда үлесі 0,12% құраса, Ресейдің үлес салмағы 2% құрайды, деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстанның сауда кәсіпкерліктері қауымдастығының вице-президенті Жібек Әжібаева.

«Қазақстандағы сауда саласындағы басым бағыттардың бірі болуы керек. Жағдайға сараптама жасай келе, әлемдік деңгейдегі қазақстандық сауданың үлес салмағының 0,12%, Ресейдің үлес салмағының 2% екенін аяқтадық. Әлемдік рейтингке сай, біз қазірде көшбасшылардың қатарынан көріне алмай отырмыз», - дейді.

Бірінші кезекте, оның айтуынша, жетекшілік ететін министрліктер кәсіпкерліктердің олармен кездесуіне немқұрайлы қарайды.  

«Сауда саласында еліміздегі еңбекке қабілетті жандардың 16%-ы жұмыс істейді. Сауда секторында өзіндік кәсіби мамандық игермеген азаматтар жұмыс істейді. Әлемдік саясатта сауда секторы басты салалардың бірі. Бұл тек экономикалық қозғаушы күг емес, сонымен қатар саяси жағдайға да алып келеді», - дейді Жібек Әжібаева.

Барлық жаңалықтар