Алматыда кезекте тұрған 100 адам пәтер кілттерін алды

5 Наурыз, 2014 15:00
Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз қарсаңында үй кезегінде тұрған жандарға тиісті құжаттар мен пәтер кілттерін тапсырды.

100 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды, олардың 80-і әйелдер. Көпбалалы аналар, мүгедектер, жетім балалар, әлеуметтік сала қызметкерлері, мәдениет, білім, денсаулық саласының қызметкерлері жаңа қонысқа енетін болды., деп қала әкімдігінде хабарлады.

Алматы әкімі мемлекеттің алматылықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге көңіл бөлетіндігін жеткізді.

«Қазақстан Президентінің салиқалы саясатының арқасында тұрғын үй бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асуда. Солардың бірі - «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы, мұнда мемлекет инженерлік желілер жүргізуді өз мойнына алады. Соның арқасында бұқара үшінн баспана жеңілдігі қарастырылған. Бізде Қазақстан ипотекалық компания желісімен қалалық ипотекалық бағдарлама да жүзеге асуда», - деді Ахметжан Есімов.

Алматы әкімі бұл бағдарламалардың кейін пәтерлерді жекешелендіруге мүмкіндік беретіндігін айтты. Қала басшысы Алматыда тұрғын үй салу қарқын алатындығын да жеткізді. Егер өткен жылы 420 отбасы коммуналдық үй алса, биыл олардың саны 650-ге жетпек. Қалалық ипотекалық бағдарлама бойынша 440 отбасы пәтер алса, биыл олардың саны 550-ге артпақ. Қолжетімді баспана бойынша биыл 378 отбасы пәтер алады, өткен жылы алғандары – 216 отбасы.

Кездесу соңында қала әкімі әйелдерді алдағы 8 наурыз 

Барлық жаңалықтар