- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ басшысы Финляндия Парламентінің спикерімен кездесті
ҚР СІМ басшысы Финляндия Парламентінің спикерімен кездесті
Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық, әлеумттік, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың даму болашағын, сонымен қатар бірқатар халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқыға салды, деп ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
Екі ел арасындағы соңғы жылдардағы қарым-қатынастың белсенденуі аталып өтілді. Бұл барлық деңгейлердегі өзара сапар алмасу жиілігінен де байқалады.
2013 жылғы сәуірде Финляндия Президенті С.Ниинистенің Қазақстанға сапары болып өтті. Оның барысында саяси және экономикалық салалардағы маңызды келісімдерге қол жеткізілді, болашақтағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалып, қазақстандық-финдық қарым-қатынастардың негізгі салаларын реттейтін айтарлықтай ауқымды құжаттар топтамасына қол қойылды.
Парламентаралық байланыстарды белсендендіруге тоқтала келе Е.Ыдырысов парламентаралық деңгейдегі сапар алмасулар біздің елдеріміз арасындағы саяси үнқатысуды дамытуда айтарлықтай маңызға ие деп атап өтті. «Фин парламентарилерінің қызметі, олардың заңнамалық жобалармен, әсіресе инновациялық даму, білім беру жүйесін жетілдіру, экономикаға «экологиялық» ұстаным салаларындағы жұмыс істеу тәжірибесі және жалпы мемлекет пен азаматтық қоғамды модернизациялаудағы тәжірибесі Қазақстан үшін пайдалы болуы мүмкін»,- деді Министр.
Сонымен қоса, экономика саласындағы ынтымақтастықтың белсенденуі аталып өтілді. Қазақстан мен Финляндия арасындағы өзара сауда көрсеткіші 2013 жыл ішінде 916,5 млн. АҚШ доллары көлеміне дейін ұлғайды. Осы орайда Қазақстан мен Финляндия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия рөлінің ерекшелігі аталды.
Сондай-ақ, тараптар туризм, инновация және энергия үнемдеуші технологиялар салаларындаға өзара ықпалдастық мәселелерін де назардан тыс қалдырмады. Сауда мен туризмнің даму серпілісіне байланысты біздің елдеріміз арасында тікелей әуе қатынас ашудың объективті қажеттілігі туындап отырғандығы аталып өтті.
Кездесу барысында тараптар көпжақты институттар аясындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін де қарастырды. Халықаралық мәселелердің негізгілері бойынша ұстанымдар жақындығы, сонымен қатар екі елдің теңгерімді сыртқы саясаты аталып өтілді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті