• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры несиелеу көлемін 16 млрд теңгеге дейін арттыруды жоспарлауда –Қ.Айтуғанов

2014 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры несиелеу көлемін 16 млрд теңгеге дейін арттыруды жоспарлауда –Қ.Айтуғанов

5 Наурыз, 2014 14:38
2014 жылы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің үлескер компаниясы «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ несиелеу көлемін 16 млрд теңгеге дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы холдингтің басқарма төрағасы орынбасары Қайрат Айтуғанов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «ҚазАгро» ұлттық холдингіне 7 тапсырма берді. Ол өз кезегімен қазірден бастап іске асырылуда. Алғашқысы – шағын және орта кәсіпкерлікке, қаржы мен экономикаға несие беруді жандандыру. Бұл бағытта жұмыстар басталып кетті. Айта кету керек, 2013 жылы ШОБ қаржыландыруды 2 есеге арттырдық. Ендігі жылы қарыз алушылар саны 17,5 мыңға жетеді, бұл тек шағын және орта кәсіпкерлікке тиесілісі. Мұның бәрі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша атқарылуда», - дейді Қ.Айтуғанов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 2014 жылы жем-шөп өндірісі бойынша экспорттық әлеуетті арттыру аясындағы жобалар іске асырылады.

«Болашақта барлық Қазақстанды қамтуды жоспарлап отырған бұл қанатқақты жоба Ақмола облысының Зырян ауданында іске асырылады. Осы жобаны іске асыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында біздің үлескер компания «ҚазАгро» да қатысатын болады», - дейді басқарма төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, 2013 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ» үлескер компаниясы 13 млрд теңге көлемінде несие берген.

Барлық жаңалықтар