• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің 12,5%-ы спортпен айналысады – Т.Есентаев

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің 12,5%-ы спортпен айналысады – Т.Есентаев

5 Наурыз, 2014 12:30
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің 12,5%-ы спортпен айналысады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Спорт және дене шынықтыру агентігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлімдеді.

«Бүгін ҚР-да әр мектепте спорттың барлық түрлері бойынша мамандандырылған сыныптар мен спорт клубтарын ашу шаралары қаралуда. Мектептің деңгейде жарыстар ұйымдастырылуда. 2013 жылы қолға алған шаралардың арқасында балалардың спорт мектептері 9 бірлікке дейін артып, 427 мектепті құрады. Соған сай мұнда оқитын оқушылар саны да 282 бүлдіршінге артты. Жалпы, елімізде балалар мен жасөспірімдердің12,5%-ы спортпен айналысады», - дейді төраға.

Оның айтуынша, агенттік жұмыстарының ішінде 2017 жылы Қысқы универсиадаға дайындық аясында студенттік спортты дамытуға баса мән берілуде.

«2013 жылдың қорытындсысы бойынша, спортпен айналысатын студенттер саны 45 пайызды құрайды. Осы орайда басты міндеттеме спорт секцияларын дамыту мен ЖОО мен колледждерде спорт клубтарын көптеп ашу. ҚР БҒМ және ЖОО ректорларымен бірігіп аталмыш бағытта меморандум түзілді», - дейді Т. Есентаев. 

Барлық жаңалықтар