• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жерді пайдалану құқығына актілерді рәсімдеу онлайн түрде қолжетімді болды

Жерді пайдалану құқығына актілерді рәсімдеу онлайн түрде қолжетімді болды

5 Наурыз, 2014 12:42
Еgov.kz электрондық үкімет порталында қанатқақты жобада жерді пайдалану саласындағы 4 жаңа қызметтер іске қосылды: тұрақты, уақытша өтеусіз, уақытша өтеулі жерді пайдалану құқығын және жер теліміне жеке меншік құқығынрәсімдеу және актілер мен олардың телнұсқаларын беру.

Көлік және коммуникация министрлігінде хабарлағандай, қызметтерді электрондық форматта алудың дәстүрлі түрден айырмашылығы құжаттардың аздаған санын ұсынуды талап етеді. Сонымен қатар қызметті алу уақыты айтарлықтай қысқартылғандықтан, төлемнің онлайн тәсілі және қорытынды актіні беру оның артықшылығы болып табылады.

Барлық қызметтер egov.kz-те «Жылжымайтын мүлік» санатындағы «Жер қатынастары» салымында қолжетімді.

Пайдаланушының Жеке кабинетіне екі күннің ішінде өтінішті өңдеу туралы хабарлама түседі. Одан кейін мақұлданған жауап келген жағдайда мемлекеттік баж салығын төлеу қажет. Оны кез келген қазақстандық банктің төлем картасымен egov-те жасауға болады.

Айта кетейік, бүгінгі күні аталған қызметтер Астана қаласы бойынша қанатқақты жобада ұсынылады. Жақын арада бұл қызметпен Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары пайдалана алатын болады.

Барлық жаңалықтар