- Басты
- Жаңалықтар
- ӨДМ ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатсыз пайдалануды жоятын түзетулер дайындады – Б.Жәмішев
ӨДМ ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатсыз пайдалануды жоятын түзетулер дайындады – Б.Жәмішев
«Жер қатынастарын жетілдіру туралы заң жобасы қазіргі таңда ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр. Алдағы уақытта заң жобасы пленарлы отырысқа енгізіліп, тыңдалым өткізіледі деген жоспар бар. Жер қатынастары мәселесі – бұл күрделі мәселелер кешені. Бұл мемлекеттің мүддесімен қатар әрбір азаматтың да мүддесіне қатысты», - дейді министр.
Министрдің айтуынша, ертең Петропавлда селекторлы тәртіппен өңірлер мен жергілікті атқарушы органдармен жер қатынастарына қатысты мәселелер талқыланады.
«Заң жобасының мазмұны бірқатар позицияларды қамтиды. Аталмыш заң жобасы ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатсыз пайдаланудың алдын алуға бағытталады. Бұл әкімшілік тарапынан келісімшарт талаптарын орындамаған жағдайда жер телімін жалға беру келісімін бір жақты бұзу мәселесіне негізделген», - деп толықтырды.
Ауыл шаруашылық жер телімдерін тиімді және ұтымды пайдалану үшін министрлік «Жер қатыснастарын реттеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына түзетулер дайындады.
«Ұсынылған заң жобасына сай, жерді пайдаланушылар мен жер телімі иелерінің мақсатсыз пайдаланған реестрін енгізу көзделген. Бұл өз кезегінде жер телімін көрсетілген мақсаты бойынша немесе заңнаманы бұзып қолданған жағдайында сот шешімінің заңдық күшіне енгенінен 3 жыл ішінде көрсетілген тұлғаларға жаңа жер телімдерін берілмейді», - делінген.
Сонымен қатар, оның айтуынша, жер телімін мақсатсыз қолдану немесе заңнамаға қайшы мақсатта пайдаланған адамдарға жер телімін бермеу туралы мәжбүрлеу тәртібіне жаңа өзгерістер енгізілетін болады.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды