- Басты
- Жаңалықтар
- Миланда «Алуан түрліліктегі тұтастық. Бүгінгі Қазақстанның этникалық топтары, діндері мен мәдениеттері» монографиясының тұсаукесері өтті
Миланда «Алуан түрліліктегі тұтастық. Бүгінгі Қазақстанның этникалық топтары, діндері мен мәдениеттері» монографиясының тұсаукесері өтті
ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, басылымда дінаралық диалог мәселелері және Қазақстанның осы саладағы саясаты жөніндегі мақалалар, сұхбаттар және аналитикалық материалдар, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының 3-съезінде сөйлеген сөзі, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы мен «Қазақстан халқының ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сияқты құжаттар қамтылған.
Аталған шараға дін саласындағы Италияның жетекші сарапшылары, қоғамдық қайраткерлер, мәдениет және ғылым қайраткерлері, миландық университеттердің профессорлары мен оқытушылары қатысты.
Қазақстанның Италиядағы Елшісі А.Елемесов өзінің сөйлеген сөзінде итальяндық қауымды тәуелсіз Қазақстан жағдайында саяси мәдениеттің нормасы болып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттік саясаттың негізгі қағидасына айналған дінаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінің ерекшеліктерімен таныстырып өтті. Қазақстан халқы ассамблеясының белсенді қызметі мен ғаламдық конфессияаралық келісімді нығайтуға себеп болып отырған бірегей халықаралық форум болып табылатын Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының төрт съезінің өткізілуі осыған дәлел.
20 жылдан астам уақыт Қазақстанда тұрған, ал қазір «Амброзиана» кітапханасының ғылыми қызметкері болып табылатын миландық профессор және католик дін қызметшісі Эдуардо Канетта тыңдаушылармен Қазақстандағы жинаған өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ол сондай-ақ Қазақстандағы Католик шіркеуінің мемлекеттегі конфессияаралық келісімді сақтау ісіне белсене қатысып отыратынын және өзінің дәстүрлі бітімгершілік және ағартушылық миссиясын белсене өткізуі үшін онда барлық мүмкіндіктердің бар екеніне назар аударды.
Итальяндық тарап өкілдері Қазақстанның осы саладағы саясаты әлемнің қызығушылығын тудырып, оның қорытындылары тек діни жетекшілер арасында емес, сонымен қатар әртүрлі елдердің саяси, мемлекеттік элитасында да үлкен резонанс тудырып отырғандығын атап өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері